Елімізде биыл құны 3 млн теңгеден аспайтын автокөлік құрастыру өндірісі басталады. Бұл туралы Андрей Лаврентьев Хабар 24 арнасына берген сұхбатында айтты.
Андрей Лаврентьевтің айтуынша, былтыр еліміздегі зауыттарда 50 мыңнан астам темір тұлпар құрастырылыпты. Келер жылға дейін бұл көрсеткішті 100 мыңға жеткізу көзделген.
Қазақстан автобизнес қауымдастығының төрағасы:
– Барлық жұмыстар кешенін есептей келе, 100 мың көлік шығаруға болады деп санаймыз. Қазіргі таңда Үкімет бізге лоукост-көліктер өндірісін шығару міндетін жүктеп отыр. Осындай бір автокөліктің құны 3 млн теңгеден аспауға тиіс. Бұған қатысты қосымша мемлекеттік бағдарламалар құрылады. Бұл көліктерді несиеге және лизингке беру де жоспарланып отыр. Осының бәрін ескерсек, жылына 100 мың темір тұлпар өндіруге қауқарымыз жетеді,–дейді.