Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, «Қорғас» ШЫХО Қытайдағы коронавирус жағдайына байланысты ескерту алғанға дейін жабық.
Қытайдағы оқиғаларға байланысты Алматы облысының басшылығы Үкіметке «Қорғас» ШЫХО-ны уақытша жабу туралы ұсыныспен шыққан болатын.
Премьер-Пинистр бұл мәселені қолдады. «Қорғас» ШЫХО бастапқыда 15 ақпанға дейін жабылды, содан кейін мерзімі ақпан айының соңына дейін ұзартылды.
«Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасы бойынша осы уақытта Қорғастағы ғимараттарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі» деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
АЛМАТЫ