Ақпанның 26-нан 27-не қараған түні қар тазалау жұмыстарына 1344 техника бірлігі мен 1000 жұмысшы жұмылдырылып, 24094 текше метр қар шығарылды (2008 рейс). Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
27 ақпанда қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1446 техника бірлігі мен 1605 жол жұмысшылары тартылды.
Жалпы осы уақытқа дейін барлығы 4841525 текше метр қар шығарылды (403455 рейс).