Ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
28 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын көтеріледі.
Облыс аумағында және Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 28 ақпанда
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан күшті жел соғады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Петропавл қаласында күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны - 15-20 м/с.