• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Ақпан, 2020

Көлігіне VIP нөмір алуда Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары көш бастап тұр

703 рет
көрсетілді

Көліктердің VIP санатындағы мемлекеттік тіркеу нөмірлері 2014 жылдан бері сатылымда бар екені белгілі. Қазақстандықтар қалауынша сандар тізбегін таңдап, бірдей сандарға, әріптерге тапсырыс бере алады.

2019 жылы ел азаматтары автоХҚО арқылы 3,018 млрд теңгеге 12 658 ерекше тіркеу нөмірін сатып алған. Бұл қаржылай көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда жарты миллиард теңгеге аз. Былтыр қазақстандықтар 14 909 VIP нөмірі үшін 3,560 млрд теңге жұмсаған.

Осы арада айта кеткен жөн, бұрын мамандандырылған ХҚО-мен қатар ерекше нөмірлерді полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімдері де рәсімдейтін.

Бүгінде ерекше сандар мен әріптердің тізбегін көп сатып алатындардың рейтингін Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларының тұрғындары бастап тұр.

Көлік иелері жаңадан сатып алған темір тұлпарына ерекше нөмірлерді мамандандырылған ХҚО немесе egov.kz  арқылы онлайн тіркеу барысында таңдай алады. Сондай-ақ егер азаматтың бұрыннан VIP-нөмірі болса, жаңадан алған көлігіне алты ай ішінде сол нөмірді қайта рәсімдеуге құқығы бар.