• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Ақпан, 2020

Жеңіл атлетика: Минскіден қос жүлдемен оралдық

257 рет
көрсетілді

Беларусь елінің астанасы – Минскіде жеңіл атлетикадан жастар арасында халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.

Айтулы жарыста Қазақстан құрамасы қос жүлдеге қол жеткізді. Атап айтсақ, сырықпен секіруде Владислав Бахтин мен Кристина Овчинникова күміс медальдарды мойындарына ілді.

Бахтин 210 сантиметрге секірсе, Овчинникова 188 сантиметрлік межені бағындырды.

Командалық есепте жерлестеріміз тоғызыншы орынға табан тіреді. Бұл жарыста Италия құрамасы үздік деп танылса, Беларусь пен Польшаның жеңіл атлеттері екінші және үшінші сатыларға жайғасты.