• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Наурыз, 2020

Шора Сарыбаев тағылымы

1206 рет
көрсетілді

Саналы ғұмырын қазақ тілі ғылымының дамуына сарп етіп, қиын-қыстау кезеңдерін басынан өткере жүріп, ғылымды киелі деп таныған саңлақ ғалым, академик Шора Сарыбаев еңбектеріне зер салғанда тіл білімінің қалам тартпаған саласы кемде-кем екендігіне көз жеткізе түсеміз. Бүгінде еңбектері күллі түркі әлеміне танылған түр­колог-ғалымның туғанына 95 жыл толуына орай «Қай­нар» академиясының ұйымдастыруымен Ұлттық кітап­ханада «Академик Ш.Сарыбаев тағылымы: тіл тағ­дыры және ұлт ұлағаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Дөңгелек үстелді кіріспе сөз­бен ашқан «Қайнар» ака­демиясының ректоры, Қазақ­стан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, профессор Ерен­ғайып Омаров еліміздің ғы­лымы мен біліміне өлшеусіз үлес қосып, отандық тіл ғылы­мының халықаралық дең­гейде танылуына, түркі дү­ние­сінде өзіндік орын алуы­на елеулі еңбек сіңірген Ш­.Сары­баевтың тағылымдық-та­­ным­дық еңбектері мен ғиб­ратты ғұмырын бола­шақ ұр­паққа үлгі-өнеге ету мен наси­хат­таудың маңыз­ды­лығына тоқ­талып, тұлғалық келбетін жан-жақты қарастыру үшін ең­бектерінің мәнін терең түсіну қажет екенін атап өтті.

Дөңгелек үстел отырысы­ның модераторы ҰҒА кор­рес­пондент-мүшесі, про­фессор Кәрімбек Құр­ман­әлиев алғашқы сөзді Халық­аралық Түркі академия­сы­­ның президенті, ҰҒА кор­рес­пондент-мүшесі, профессор Дархан Қыдырәліге берді. Акаде­мик Ш.Сарыбаевтың қазақ тілінің халықаралық деңгейге көтеріліп, әлемдік түркологияда тіліміздің өзін­дік орнын алуға өлшеусіз үлес қосқан еңбектеріне ерекше тоқталып өткен Д.Қыдырәлі Халықаралық Түркі академиясы тарапынан атқарылып жатқан ғылыми жобаларды тілге тиек етті. Сонымен қатар отан­дық ғылымды әлемдік білім-ғылым кеңістігіне кірік­тіру үдерісінде түрколог-ға­лым­дардың атқарар қызметі қомақ­ты екенін, осы орай­да елі­міздің жоғары оқу орын­дары мен ғылыми-зерттеу инс­­­титуттарының ғалым­дары­­­мен бірлесіп, серіктес­тік қарым-қатынастар орнатудың маңыз­дылығын жеткізді.

Қазақ тілі тарихы, диалек­толо­гия, лексикология, лек­сико­графия, грамматика, т.б. кө­кей­кесті мәселелеріне қа­тыс­­ты ғалымның қала­мы­нан 300-ден астам ғылы­ми мақа­лалар, оның ішінде 20 шақ­ты мо­нография, оқу­лық­тар, сөз­діктер жарық көр­ді дей келе Ш.Сарыб­аев­тың лек­си­ко­графия ғылы­мын да­мы­ту­дағы қажыр­лы ең­бе­гіне тоқ­та­лған А.Байтұр­сын­­ұлы атын­дағы Тіл білімі инс­ти­туты­­ның директоры, ҰҒА кор­­рес­пон­дент-мүшесі, профессор Ерден Қажыбек ға­л­ым­ның қазақ тілінің өзекті салаларына арнаған еңбектері жайында кеңінен мағлұмат бе­ріп, бүгінгі тіл білімін дамы­ту­­­дың өзекті мәселелерін қозғады.

Шора Сарыбаевтың бар күшін сарп етіп зерттеген саласы – диалектология мен тіл білімінің тарихы. Кәрімбек Құрманәлиев ғалымның осынау еңбектері тұрғысында ой қозғап, шалғайда жатқан тұрғындар тілінің және рес­публикадан тыс жерді мекен­дейтін қазақтар тілінің байлы­ғын жинауда жүйелі түрде диалектологиялық экспедиция ұйымдастырып, әріптес ғалымдармен бірлесе жүріп, ел аузынан сөз байлығын жи­нау­ға басшылық еткенін әңгі­месі­не арқау етті. Ғалымның 80 бас­па табақ көлемді «Қазақ тіл­інің аймақтық сөздігі­­­нің» жа­рық көруі тіл білімі­не қосыл­ған сүбелі үлес десек, академик Сарыбаевтың қазақ тілі жайында өткен ғасыр мен қазіргі кезге дейін жарық көрген еңбектерінің 6 томдықпен жарық көруі – қа­зақ тіл білімі тарихына қо­сыл­ған қомақты еңбек, деді ол.

Терминдерді реттеудің теориялық және әдістемелік қағи­даттарын «Академик Ш.Сарыбаев және термино­логия­ның өзекті мәселе­лері» баяндамасына арқау еткен ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, профессор Шерубай Құрманбайұлы қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамы­тудың ең басты жол­дары­ның бірі – оны ғылым мен техника тілі ретінде одан әрі дамыта түсу және салалық терминологиялық сөздіктерді жасауды бір жүйеге түсіру, ретке келтіру мен жетілдіру керегін айта келе, салалық тер­миндерді реттеудің теориялық және әдістемелік негіздеріне, сондай-ақ ғалымның спорт терминдерін зерттеудегі рөлі­не айрықша тоқталды.

Дөңгелек үстел барысын­да академик Ш.Сары­баевтың ғылыми шығармашылы­ғы, ұстаздық ұлағаты, тіл тағды­ры­на араласуы, кісілік келбеті, қоға­мдық қайраткерлігі және ұлт мүддесіне қызметі жөнін­де ҰҒА академиктері мен кор­респондент-мүшелері Бақтияр Сманов, Фаузия Оразбаева, Зейнеп Базарбаева және жо­ғары оқу орындарының про­­фессорлары, филология ғы­лым­­дарының докторлары Дан­­д­ай Ысқақұлы, Жаңалық Бал­та­баева, Ғарифолла Әнес, Қалбике Есенова, Алтынай Тымболова, Майра Сарыбай, Ал­тыншаш Құрманәлі, Гүл­нар Мұхаммедқалиева, Әнипа Мұхтарова баяндама жасады. Сондай-ақ «Қайнар» ака­де­миясының профессор-оқыту­шылары, студенттері мен ма­гист­ранттары да қатысып, ой-пікірлерімен бөлісті.

 

АЛМАТЫ