• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Наурыз, 2020

Футбол: Бобан Джорджевич «Ақтөбенің» жейдесін киді

228 рет
көрсетілді

Былтырғы маусымда келеңсіз жағдайға байланысты бақандай 12 ұпайдан айрылып, Қазақстан Премьер-лигасынан бірінші лигаға түсіп қалған «Ақтөбе» биылғы жылы қалай да мықтылар санатына қосылуды көздеуде. 

Жоғарыдағы жоспарды жүзеге асыру мақсатында «Ақтөбенің» жаңадан тағайындалған бас бапкері Алексей Петрушин осы біріншілік қарсаңында айтулы команданы бірқатар ойыншылармен толықтырды. Солардың қатарында Жасұр Нарзықұлов («Тобыл»), Эдуард Суханов («Гомель»), Никола Цуцкич («Явор»), Георгий Бурнаш («Тюмень»), Рифат Нұрмұғамет («Қайрат»), Куасси Куаджа («Кейптаун Сити»), Андрей Часовских, Олег Чернышов («Тамбов») және Владислав Прокопенко («Астана») сынды шеберлер бар.

Күні кеше «Ақтөбенің» жейдесін тағы бір футболшы киді. Ол – Бобан Джорджевич. 23 жастағы черногориялық шабуылшы әр жылдары өз еліндегі «Игало» мен «Арсенал» (Тиват) және чехиялық «Теплице» мен «Добровице» клубтарында өнер көрсетті. Соңғы кездері ол «Грбаль» командасында ойнап, Черногория чемпионатындағы сұрмергендер қатарына қосылды.