• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Наурыз, 2020

Бокс: Қазақстанның алғашқы жеңісі

906 рет
көрсетілді

Бокстан Амманда өтіп жатқан Олимпия ойындарының лицензиялық турнирінің алғашқы күні қос қызымыз – Дәметкен Келімбет пен Римма Волосенко өз қарсыластарына есе жіберіп, жанкүйерлердің көңіліне селкеу түсірген еді.

Бүгінгі жарыс күні жерлестеріміз үшін сәтті басталды. 63 кило салмақта күш сынасқан Зәкір Сафиуллин өзінің тұсаукесер кездесуінде қытайлық Шан Жуанды жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Енді ол Ашқан Резаеймен қолғаш түйістіреді.

Сондай-ақ бүгін 75 кило салмақтағы Әбілхан Аманқұл мен 81 кило салмақтағы Бекзат Нұрдәулетов шаршы алаңға шығады. Әбілхан Оңтүстік Кореяның оғланы Ким Джинжеамен жұдырықтасса, Безкат Жаңа Зеландия өкілі Джероме Пампелоннемен кездеседі.