АҚШ-тың әйгілі кәсіпқой боксшысы Флойд Мейвезер 600 миллион доллар төленген жағдайда ғана ресейлік Хабиб Нұрмагомедов және ирландиялық Конор Макгрегормен жекпе-жекке шығаты жайында мәлімдеді.
«Мен – бизнесменмін. Сол себепті де қандай да қадамға бару үшін мың ойланып, мың толғанамын. Бұған дейін Конор Макгрегормен жұдырықтасқанымды жақсы білесіздер. Бұл әрекетке мен ақша үшін барғанымды жасырмаймын. Және де есепшотыма қомақты қаржы түсті.
Қазір Хабиб Нұрмагомедов мені жекпе-жекке шықырып әлек. Конор Макгрегор де қарымта кездесу өткізуге ерекше құлшыныс танытуда. Бірақ мен ерігіп жүргенім жоқ. Ал егер 600 миллион доллар төлейтін болса, екеуімен де күш сынасуға әзірмін», – дейді Флойд Мейвезер.