Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Нидерланд құрамалары арасында өтіп жатқан Дэвис кубогының іріктеу турнирінің екінші кездесуінде Александр Бублик пен Таллон Грикспур күш сынасты.
Әлемдік рейтингте 51 орында тұрған еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик бірінші сетте қарсыласын әзер ұтты. Кездесу тай-брейкке дейін ұласып, 7:6 есебі тіркелді. Екінші сетте де дәл сондай жағдай қайталанды. Қос теннисші ұзақ тіресті. Десек те жерлесіміз АТР тізімінде 196 сатыға табан тірген Таллон Грикспурге тізе бүктірді – 7:6.
Сөйтіп, Қазақстан мен Нидерланды құрамалары арасындағы жарыстың алғашқы күні таразы басы теңесті – 1:1. Ертең жұптық бәсеке және жекелеген қос сайыс өтеді.