Қазақстан Республикасының делегациясы ОПЕК-ке мүше және мүше емес мемлекеттердің министрлер жиналысының кеңесіне кірді. «Қазақстан ОПЕК + мемлекеттерімен бірге әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыру саясатын ұстанады» деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Апта басында қазақстандық делегация қатысқан ОПЕК + министрлердің бірлескен бақылау комитетінің 18-отырысында әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыру бойынша тиісті ұсыныстар жасады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының делегациясы ОПЕК-ке мүше және ОПЕК-ке мүше емес елдер министрлерінің 8-отырысына қатысты.
Отырысқа қатысушылар әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған бірлескен шараларды талқылады. Кездесу қорытындылары бойынша келісім тараптары өзара тиімді ынтымақтастық бойынша консультацияларды жалғастыруға шешім қабылдады.
Естеріңізге сала кетейік, ОПЕК + мүше елдердің қолданыстағы келісімінде осы жылдың 1-ші тоқсанының аяғына дейін ОПЕК + елдерінің мұнай өндірісінің тәулігіне 1,7 млн баррельге төмендеуі айтылған. Сонымен бірге Қазақстанның 2018 жылдың желтоқсанында қабылданған келісім бойынша тәулігіне 1,843 млн баррельді құрайды.
Айта кету керек, қолданыстағы келісімнің 13 айының қорытындысы бойынша (2019 жылдың қаңтары - 2020 жылдың қаңтары) Қазақстан өз міндеттемелерін орындады.
АЛМАТЫ