Дәл осы күндері Алматы қаласында коронавирус инфекциясы (1а санаты) бойынша қолайсыз елдерден келген адамдарды карантиндеу 2 жұқпалы стационарда жүргізіліп отыр: ересектердің қалалық инфекциялық ауруханасында, балалардың қалалық инфекциялық ауруханасында, сондай-ақ 4 көп салалы медициналық орталықта.
Ағымдағы жылдың 11 наурызында 1а санаты бойынша қалада 490 адам карантинде.
Карантиндегілерде ешқандай катаралдық құбылыстар мен қызу жоқ. Еске салсақ, елдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, коронавирус тіркелген елдерден келушілердің барлығы міндетті 14 күндік карантинге оқшаулауланады. Олар – ҚХР, Оңтүстік Корея, Иран және Италия сияқты елдерден келушілер әрі 1 а санатына жатады.
Қазақстанда вирус тіркелмеген. Үкімет және әкімдіктервирустың енуі мен таралуына жол бермеу үшін нақтылы пәрменді шараларды жүзеге асырып отыр. Ауруханаларға келушілер көп болғандықтан, эпидемиялық шиеленіс кезеңінде қала билігі осы санаттағы азаматтарды карантиндеу үшін қосымша стационарларды ашылған.
Індеттің қала мен республика халқының арасында таралмауы үшін нақтылы іс- шаралар қолға алынып жатыр.
Құзырлы орындар мұндай іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. 14 күндік карантин аяқталғаннан кейін медицина қызметкерлері тарапынан 10 күн ішінде телефон қоңырауы шалынады. 1 Б санатына жататындар – Франция, Германия, Испания елдерінен келгендер. Аталған санаттағы адамдар үй жағдайында оқшаулананады. Бұл санаттағы адамдарға 14 күндік карантин уақытында қонақтардың үйге келмеуін, туыстарымен және достарымен тікелей байланысты барынша азайту ұсынылады. Біз халықтың жеке денсаулығы жауапкершіліктерін күшейтетіне үміттенеміз.
Осы кезең ішінде емханалық қызмет катаралды құбылыстарға күн сайын қоңырау шалуда. Белгілер байқалса тұрғылықты/тіркелген мекен-жайы бойынша ауруханаға хабарлау керек, медицина қызметкерлері үйге келіп, тексереді. Барлық келуші азаматтар осы жағдайға бірдей қарап, карантин мерзімін ұстауы тиіс, оны бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынады. Егер адамның үй жағдайындағы карантинді бұзғаны белгілі болса, аумақтық емхана тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетіне, ал олар тиісті органдарға шағымданады.
Жалпы Алматы қаласына тізімге сәйкес 2-санат бойынша (Швейцария, Ұлыбритания, Нидерланды) шетелдерден келген адамдар медициналық қызметкерлердің бақылауында және күн сайын АМСК қызметкерлерімен байланыста болады. Аталған аазаматтар медициналық ұйымдарда тұрақты бақылауда болады. Тізімдер анықталады, табылмаған адамдар көші-қон қызметіне және Алматы қаласының полиция департаментіне, шетелдік азаматтар қосымша ҰҚК-ке жіберілді.
Еске сала кетсек, Алматыда коронавирус тіркелген жоқ. Қалада коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша Өңірлік штаб жұмыс істейді. Санитарлы-карантинді бақылаудың күшейтілген шаралары жүзеге асырылуда. Қаладағы жағдай бақылауда.
Барлық медициналық ұйымдар толық көлемде дәрілік заттармен және медициналық қажетті бұйымдармен жабдықталған, үшін қала бойынша 3 мыңнан астам жеке қорғаныс құралдары медицина қызметкерлерін ауру жұқтырудан қорғайды. Сонымен қатар, барлық медициналық ұйымдар дезинфекциялау құралдарымен және тері антисептиктерімен қамтамасыз етілген.
Коронавирустың әлемде кеңінен таралып жатқанын ескере отырып, қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметтері нұсқаулықтарды орындауда, ал бұл коронавирустың енуіне қарсы пәрменді шаралардың бірі.
Жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында төмендегідей профилактикалық шараларды ұстану қажет:
- қолды, бетті сабынмен жиі, мұқият жуу;
- қолға арналған құрамында спирті бар антисептикалық құралдарды қолдану;
- адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу;
- науқас адамдармен байланыс жасамау;
- суық тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітуі, жөтел, тамақтың ауруы) байқалған кезде, тұрақты мекен-жайы бойынша дәрігерге көріну қажет.
Анықтама үшін тәулік бойы 1406 нөміріндегі Call-орталық жұмыс істейді.
АЛМАТЫ