• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Теннис 13 Наурыз, 2020

Теннис: Дэвис кубогының жеребесі тартылды

143 рет
көрсетілді

Ұлыбритания астанасы – Лондонда орналасқан Халықаралық теннис федерациясының (ITF) штаб-пәтерінде 2020 жылғы Дэвис кубогының финалдық кезеңінің жеребесі тартылды.

Жуырда ғана Нидерланд құрамасын ұтып, мықтылармен күш сынасу құрметіне ие болған Қазақстанның теннисшілері В тобына түсті. Жерлестеріміз Швеция және Канаданың ойыншыларымен шеберлік байқасады. Ал өзге топтарда мына командалар өнер көрсетеді: 

А тобы: Испания, Россия, Эквадор;

С тобы: Франция, Великобритания, Чехия;

D тобы: Хорватия, Австралия, Венгрия;

Е тобы: США, Италия, Колумбия;

F тобы: Сербия, Германия, Австрия.

Дэвис кубогының финалдық кезеңі үстіміздегі жылдың 23-29 қараша аралығында Испанияның бас шаһары – Мадридте өтеді.