ICE-мәліметтеріне сәйкес, 19:31-де Brent маркалы мұнай бағасы 12,7% арзандап, бір баррель үшін 29,55 долларға дейін төмендеді. Бұл 2003 жылдың қарашасынан бергі ең төменгі баға» деп хабарлады РБК.
WTI маркалы мұнайға мамыр айындағы фьючерстік келісімшарт құны 10,75 пайызға төмендеп, баррелі үшін 28,32 долларды құрады.
Мұнай бағасының құлдырауы әлемдік экономиканың баяулауы және сұраныстың төмендеуі, шикізат өндірісінің өсу қаупінің жоғарылауына байланысты жалғасуда. ФРЖ және басқа да ірі орталық банктер нарықты тұрақтандыра алмады.
Макроэкономикалық статистика инвесторлардың көңіл-күйіне жағымсыз әсер етті. Коронавирустың таралуы мен карантинге байланысты кәсіпорындардың жабылуы жағдайында Қытайда өндіріс күрт төмендеді. Қаңтар-ақпанда Қытайдағы өнеркәсіп өндірісі 13,5% азайды. Бұл фактор соңғы 30 жылдағы рекорд болды.
АҚШ Президенті Дональд Трамптың АҚШ-тың стратегиялық резервіне мұнай сатып алуды ұлғайту туралы мәлімдемесі баға ұсыныстарының төмендеуін тоқтата алмады.
Ресейлік брокерлік компанияның жетекші сарапшысы Андрей Кочетков кеше түнде Алматыда KASE-дегі онлайн конференцияда шикізат нарығында Қытай тарапынан үнемі проблемалар туындайтынын айтты.
«ҚХР өндірісі 13,5%, бөлшек сауда 20,5% төмендеді. Қаңтар-ақпан айларында Қытайда мұнай өңдеу көлемі күніне 12%-ға, 12,07 млн баррельге дейін төмендеді. Мұның бәрі мұнай нарығына оптимизм қоспайды, дегенмен Америка Құрама Штаттары мұнайды стратегиялық резервтерде сатып алатындарын мәлімдеді» деп түсіндірді ол.