• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Білім 18 Наурыз, 2020

Онлайн оқытуға дайын

631 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық ком­муни­­ка­ция­лар қызметіндегі брифингте коронавирустық инфекция­дан қорғану мақсатында қолға алынған білім беру саласындағы іс-ша­ра­лар мен оқыту процесіндегі өзгерістерге кезең-кезеңімен тоқталды.

Мектепке дейінгі білім. Ми­нистр­­дің хабарлауынша, балабақ­шалар елі­міздегі төтенше жағдайға бай­­­ла­ныс­­ты штаттық режімде жұ­мыс іс­тей­­ді. Балалардың мектепке­ де­­йін­­гі ұйымға бару-бармауын ата-ана­­лар шешеді. Келмегені үшін ба­ла­­б­ақ­­­шадан шығарылмайды, яғни бала­­­ның орны сақталады. Қазіргі таң­да балалардың 40 пайызы ғана мек­­тепке дейінгі мекемеге барып жүр.

Орта білім. Оқушылар 2020 жыл­ғы 16 наурыздан бастап 5 сәуір­ге дейін көктемгі демалыста бо­лады. Мұғалімдер аталған мер­зім­де қашықтықтан жұмыс іс­тей­ді. Ал мектеп директорлары мұғ­а­лім­­дердің қашықтықтан жұ­мыс істеуі және каникул кезінде атқары­­латын жұмыс көлеміне сай жала­қы­­ны толық төлеу туралы акті­лер­ді қабылдайды. Егер каникулдан кейін де оқушылар мектепке бара алмаса, оларды қашықтықтан оқыту­дың мүмкіндіктерін министр­лікте құрылған арнайы топ қарас­тыр­мақ. А.Аймағамбетов мектеп оқу­шы­ларын қашықтықтан оқыту­ға да­йын­­дықтың 5 сәуірге дейін аяқ­та­ла­­ты­­нын айтты. Сондай-ақ педагог­тер­­дің біліктілігін арттыру курстары он­­лайн-форматта өткізіледі. Кейбір курс­­тарды өткізу биылғы жылдың екін­ші жартыжылдығына ауыстырылды.

Қосымша білім. 16 наурыздан бастап мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарының (оқушылар мен жас­­өс­пірімдер сарайы, музыка, көр­кем­сурет, өнер мектептері және тағы бас­қа) қызметі тоқтатылды. Ве­дом­ство жанындағы Балалардың құқық­­та­рын қорғау комитеті қазіргі жағдай­­ды ескере отырып, ата-ана­ларға бала­­ла­рын жекеменшік дамыту орта­лық­тары­на да жібермеуге кеңес береді.

Кәсіптік және техникалық білім. Колледждерде қашықтықтан оқыту мәселесі бойынша бірқатар қиындық бар. Барлығында бірдей мүмкіндік болмай тұр. Соған қара­мастан колледждердің басым бөлігі тиісті жүйе бойынша жұмыс істеп көрген. Қалғандары қатарға қосылып келеді. Қазір арнайы жүйелерге контент жүктеу, оқу-әдістемелік кешенді енгізу, сон­дай-ақ сандық білім беру ресурс­тары бойынша ауқым­ды жұмыс ат­қарылып жатыр.

Жоғары білім. Қашықтықтан оқыту жүйесі отандық университет­тер­дің білім беру үдерісі үшін жаңа­лық емес. Білім және ғылым министр­лігі бұйрыққа қол қойған сәттен бас­тап, арнайы технологияларды пайдаланып жүрген кейбір ЖОО-лар онлайн-форматта оқытуды бастап кетті. Оқу процесін ұйымдастыру үшін оқытушылар мен студенттерге электронды платформаларға кіру­ге жағдай жасалады. Оқыту құра­лы ретінде видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстар пайдаланылады. Бізде «Bilimland», «Google Classroom», «MOODLE», «Univer», «Platonus», «Canvas», «Daryn.online» сынды жақсы жүйе­лер бар. Сондай-ақ «Coursera» өз курс­­тарын тегін ұсынды және «ZOOM» оқыту барысында сервисті ақысыз қолдануға мүмкіндік бар.

Министр мәлімдегендей, билет немесе қаржы тапшылығы сынды әртүрлі жағдайларға байланысты қа­ла­дан кете алмайтын студенттер жа­тақ­ханаларда тұра береді. Бірақ олар тек өз бөлмелерінде болулары тиіс.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезін­де білім алушылар мен тәрбие­лену­шілердің халықара­лық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға қаты­суына және бұқаралық шараларды ұйымдастыруға тыйым салынды. Сонымен қатар жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар­дың республикалық олимпиа­дасы мен ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының IV кезеңін және басқа да конкурстарды өткізу мерзімі кейінге шегерілді.