• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Наурыз, 2020

Алматыда блок-бекеттер қай жерге орналастырылады?

828 рет
көрсетілді

Бүгін  19 наурыз сағат 00:00-ден бастап периметрдің айналасында полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілермен күзетілген өткізу пункттері іске кіріседі. 

Олар қаланың барлық кіреберістерінде, оның ішінде 10 магистральде орналасады.  Карантин кезеңінде көлік құралдарының қаланың сыртқы шекарасынан тыс жерлерге кіруіне және шығуына шектеу қойылады. 

Осыған байланысты Алматы полициясы азаматтарды сапар маршруттарын алдын-ала жоспарлап, реттеуге, төтенше жағдайлар, карантин, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, сонымен қатар ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын сөзсіз сақтауға шақырады.

Төтенше жағдай режимін бұзуға немесе төтенше жағдайды жариялауға байланысты талаптарды орындамағандар он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді немесе он бес күнге дейін әкімшілік қамауға алынады.

«Төтенше жағдай жарияланған аймақтағы билік өкілінің заңды талабын немесе өкімін орындамағандарға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Сондай-ақ алты жүз сағатқа дейін қоғамдық қызметке тартылу немесе бостандықты шектеу арқылы жазаланады»  дейді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек

Сонымен қатар құқық қорғау орындары төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратудың алдын алу туралы еске салды. Мұндай әрекетке барғандар үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын айырылады.

АЛМАТЫ