• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Наурыз, 2020

Балабақшаға бармаған бүлдіршіннің орны сақтала ма?

313 рет
көрсетілді

Алматы облысында төтенше жағдай кезінде балабақшаға бармаған бүлдіршіндердің орындары сақталып, ата-аналардан алынатын төлем тоқтатылады.

Бұл туралы бүгін «Jetisu» телеарнасының тікелей эфирінде Алматы облысының Білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова мәлімдеді.

- Төтенше жағдай кезінде бүлдіршіндердің балабақшаға келу, келмеуін ата-ана шешеді. Біз 16 наурыздан бастап облыс аумағында орналасқан 1167 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесінің жұмысын зерделеп отырмыз, бала саны азайды. Бүгін балабақшаға келген бала саны 16 пайыз ғана болды. Ал бала санының азаюына байланысты тәрбиешілерді еңбек демалысына жіберіп отырмыз. Бірақ барлық жерде балабақша жұмысы тоқтаған жоқ. Ата-аналар тарапынан «Баламызды уақытша үйде ұстасақ, орнымыз сақтала ма? Төлемақы не болады?» деген сауал түсуде. Осыған орай, алаңдауға негіз жоқ. Бала қай күні қайта келеді, сол күннен қабылдаймыз. Ал алынатын ақы тек тамаққа төленетіндіктен, бүлдіршіндердің балабақшаға келмеген кезі үшін төлем тоқтатылады, - деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова.

 

Алматы облысы