Қарағанды облысының кәсіпкерлері төтенше жағдай кезінде қайырымдылық танытуға белсенді түрде кірісті. Мысалы, Саран қаласында «Саран» КЭС» ЖШС егде және мұқтаж адамдарға, сондай-ақ көпбалалы отбасыларға атнисептиктерді тегін таратты.
Дезинфекциялау құралдарының әрбір жиынтығына стационарлық пайдалануға арналған литрлік ыдыс және бес қалта антисептигі кіреді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер көмекке мұқтаж адамдарға тізім бойынша медициналық маскаларды таратуды жоспарлап отыр.
Аталған акцияны Саран қаласының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге арналған қайырымдылық қоры ұйымдастырды.
Қарағанды облысы