Қала прокуратурасының өтініші негізінде салық органының хабарламасын жою туралы 4 сот актісі заң нормаларына сәйкестендірілді, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Син Юань Стил» ЖШС-не қатысты камералдық бақылау нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы салық органының хабарламасын заңсыз деп тану жөніндегі бірінші сатыдағы соттың шешімін жойды. Даулы сома 31 943 754 теңгені құрады.
«Сот дәл осындай шешімдерді «КазАтомХим» ЖШС-не 26 785 714 теңге сомасына, «Қазақстандық болатөнеркәсіп компаниясы» ЖШС-не 8 026 818 теңгеге және «Асыл-ЛТД» ЖШС-не 63 745 170 теңгеге қатысты қабылдады. Осылайша қабылданған шаралар негізінде мемлекеттің 130 501 456 теңгеге материалдық мүдделері қорғалды», делінген хабарламада.