• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Наурыз, 2020

Алматы облысы: мегаполис аумағынан шыққан тұрғындар 14 күнге оқшауланады

511 рет
көрсетілді

Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қол қойған қаулыға сәйкес, енді облыстың Алматы қаласында жұмыс істейтін тұрғындары мен қала аумағынан шыққан барлық азаматтар 14 күндік міндетті үй карантинінде болады. Қаулы қабылдан күннен, яғни бүгіннен бастап күшіне енді.

- Облыстың бас санитары Қайрат Баймұхамбетов қол қойған құжат барлық облыс аумағына кірген азаматтарды үй карантиніне орналастыруды міндеттейді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен әкімдік қызметкерлері телефон байланысы арқылы хабарласу жолымен оларға бақылау жасайды. Сонымен қатар осы қаулыда жүк тасымалдаудың талаптары туралы айтылған. Бүгіннен бастап тауарлар мен басқа да заттар герметикалық қаптамада тасымалданады және өңдеу мен фумигациядан өткізіледі. Герметикалық қаптамасы жоқ жүктерді тасымалдауға тыйым салынған, - деді бізге қаулыға орай түсінік берген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.

 

Алматы облысы