• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Наурыз, 2020

Айя-София мешітінде 89 жылдан кейін азан оқылды

2089 рет
көрсетілді

Музыкант Эмре Йүжелен осыдан шамамен 1500 жылдық тарихы бар қазіргі Айя-София музейі тарихында алғаш рет акустикалық таспаға жазып алу үшін азан оқыды, деп хабарлады ensonhaber.com.

Айя-София музейінің директоры Хайрулла Ченгиздің арнайы рұқсатымен акустикалық дауыс жазбасы аудио және видеотаспаға түсіріліп алынды.  Түсірілім барысында   Айя-София ғимаратының акустикалық жүйесінің нашарлауына жол бермеуі үшін қызметкерлердің ғимаратқа  кіруіне рұқсат етілмеді. Жалпы сегіз камера мен дыбыс жазу құрылғылары арқылы бір уақытта дауысты жазып алатын бұл шара, алғаш рет Айя-Софияның дыбыстық акустикасын осылайша таспаға түсіріп алынды.

Акустикалық жазба үшін Үлкен Аясофия мешітінің имамы Өндер Сой және Үлкен Айя-София мешітінің азаншысы Ахмет Тораман Айя-София күмбезінің дәл астында қос дауысты әрі мінберде (саба) азан шақырылды. Сондай-ақ, михрабта «Әл-Фатх» және «Нас» сүрелері ешқандай дыбыстың сүйемелдеуінсіз қарапайым дауыспен оқылды. Атап айтар болсақ, Айя-София мешіті түріктерге дейін Византия империясында собор, кейін 500 жыл бойы (1935 жылға дейін) түріктердің діни орталығы қызметін атқарған. Ол 1453 жылы мешітке айналдырылған кейін, ғимараттың ішкі көрінісі қайта көркемделеді. ХVI-XVIII ғасырларда мешіт мұнаралары мен қосымша құрылыстары салынады. 1935 жылы Ататүрік Айя- Софияны музейге айналдырған. Әлі күнге дейін музей қызметін атқарып келеді.