• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экономика 24 Наурыз, 2020

Жаһандық экономиканың жағдайы мәз емес

646 рет
көрсетілді

"Биыл жаһандық экономика құлдырайды. Бұл 2008 жылғы әлемдік дағдарыстан да қауіпті", деп мәлімдеді Халықаралық валюта қорының басшысы Кристалина Георгиева.

COVID-19 коронавирусының кесірінен инвесторлар дамып келе жатқан нарықтардан 83 млрд долларды қайтарып алған. Бұл бұрын-соңды тіркелмеген ең үлкен капитал ағыны.

Әлемдік сауда айналымында маңызды рөл атқаратын экономикасы ірі 20 елдің қаржы министрлері мен орталық банк басшылары арасында өткен телеконференцияда К. Георгиева бұл дүрбелең 2021 жылы басылатының айтты. Әрі ХВҚ дағдарыспен күресу үшін 1 трлн доллар бөлуге дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, 80-ге жуық мемлекет қаржылық көмек алу үшін қорға жүгінген.

Айта кетейік, коронавирусқа байланысты әлемдегі көптеген ірі кәсіпорындар жұмысын тоқтатқан болатын. Сондай-ақ  шағын және орта бизнес өкілдері де шығынға ұшырады. Әлемдік авиакомпаниялар рейстердің қысқаруынан әбігерге түсуде.