• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Наурыз, 2020

Александр Усикке алтынды ақшаға айырбастауды ұсыныпты

145 рет
көрсетілді

Кезінде әуесқойлар арасында Олимпия ойындарының жеңімпазы, әлем және Еуропа чемпионы атанған Украинаның мақтанышы Александр Усиктің бұл күндері кәсіпқой рингті шайқап, толағай табыстарға қол жеткізгені баршаға мәлім.

2011 жылы Бакуде өткен әлем чемпионатының финалында Усик ринг қожайыны Теймур Мамедовпен күш сынасты. Сол бәсекенің қарсаңында беймәлім адамдар келіп, егер ол әзірбайжандық боксшыға жеңілетін болса, мол көлемде қаржажатты қалтасына басатыны жайынды ұсыныс айтыпты. Бұл жағдайды Украинаның өрені «2+2» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

– Маған келіп ақша ұсынды. Мен ондай қадамға барудан бас тарттым. Себебі, менің Елизавета деген қызым бар. Ертең ол өскеннен соң немерелерім болады. Солардың «Сендердің әкелерің мен аталарың әлем чемпионатындағы алтын медалін ақшаға айырбастаған. Ол – сатқын» деген сөздерді естігенін қаламадым, - дейді Александр Усик.

Нәтижесінде финалдық жекпе-жек 25:15 есебімен Александр Усиктің пайдасына шешіліп, ол әлем чемпионы атанды.