Орал қаласында тұрғындардың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған «Қайырымдылық керуені» акциясы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Еріктілер қозғалысының бастамасымен тағы бір акция өткізді.
Жалғызілікті қарияларға, ҰОС қатысушылары мен тыл еңбеккерлеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға азық-түлік, антисептикалық құралдар, дәрі-дәрмек пен медициналық бетперде секілді қажетті заттарды беру мақсатында жүргізілген қайырымдылық акциясына Орал қаласының ірі кәсіпкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының волонтерлері және «BIRLIK», «Uralsk Runners» жүгіру әуесқойлары клубы, «Достық» қазақ-вайнах клубы қатысты.
Атап айтқанда «Белес-Агро» ЖШС, Желаев астық өнімдері комбинаты, «Батыс Күнбағыс» акционерлік қоғамы, «Суровский» дүкені, «Матевосян» ЖШС өздері өндіретін макарон, ет-сүт өнімдерін берсе, кейбір кәсіпкерлер медициналық бетперде, парацетамол, ацетил мен аскорбин қышқылдарын таратты. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне медициналық дәрі қобдишасы табыс етілді.
Сөйтіп, Оралда екінші мәрте өтіп отырған «Қайырымдылық керуені» акциясына 22 адам қатысып, 7 көліктен тұратын керуенмен 25 мұқтаж отбасына әлеуметтік көмек жеткізді.
Батыс Қазақстан