Белгілі болғандай, Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай енгізілді. Ірі сауда орталықтары мен адамдар көп жиналатын орындар жұмысты тоқтатты, іс-шаралар кейінге қалдырылды. Алайда, әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарда таратылатын жалған ақпарат адамдарды қорқытуды тоқтатпайды, деп хабаралйды Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.
ҚР-да жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық Кодекстің 274-бабында: «жалған ақпарат тарату» — бұл қоғамдық тәртіпті бұзуға немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне немесе қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіретін көрінеу жалған ақпарат тарату. 274-бап бойынша 1 мың АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл немесе түзету жұмыстары, 400 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру сынды жаза түрлері көзделген. Төтенше жағдай режимінде-3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру.
Осы бап бойынша интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерде таратылған, шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттың авторлары мен таратушылары жауапты болады.
Маңғыстау полицейлері азаматтарды қырағы болуға шақырады және Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгеннен кейін және коронавирус індетімен аферистердің әрекеттері әралуандығына болуына байланысты ескерту жасайды.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті тұрғындарды аса мұқият болуға шақырады және бейтаныс адамдарға өздерінің жеке мәліметтері мен есеп нөмірлерін хабарлауға болмайды деп ескертеді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сондай-ақ әлеуметтік желілерде тауарларды сатып алу-сату туралы шарттар жасасуды, ақша қаражатын күмәнді электрондық немесе банктік шоттарға аударуды, тауарды экспресс-төлем терминалдары арқылы төлеуді, жеке сипаттағы ақпаратты ашық түрде орналастыруды ұсынбайды.
Маңғыстау облысы