• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Наурыз, 2020

Оралда екі науқаспен қарым-қатынаста болғандар ауырмаған

686 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев бүгін осылай хабарлады.

Биылғы жылдың 31 наурызындағы Батыс Қазақстан облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 29 наурызда сырқат екендігі анықталған екі науқас Батыс Қазақстан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Коронавирус жұқпасы табылған үйлерге дизенфекциялық жұмыстар жүргізілді, үйлер оқшауланды. Қазіргі уақытта екі пациенттің де жағдайы қанағаттанарлық.

- Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарға лабораториялық зерттеу жүргізілді, сараптама нәтижелері теріс. Барлығы да медициналық бақылауда, - деді Нұрлыбек Ермекұлы.

31 наурыз күні Батыс Қазақстан облысында 38 адам стационарлық карантинде жатыр. Провизорлық госпитальде ЖРВИ белгілері бар 53 адам, облыстың карантин госпиталінде аурумен қарым-қатынаста болған 50 адам жатқызылды. 1 «б» санаты бойынша 792 адам үй карантиніне алынды.

Облыстың эпидемиологиялық жағдайы Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің тәулік бойы бақылауында. «Облыс тұрғындарын қабылданған шараларды түсіністікпен қарап, барлық сақтық шараларын сақтауларыңызды сұраймыз» дейді Батыс Қазақстан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстан