Наурыздың 31-і күні Орал қаласындағы Құрманғазы көшесі 164 үйдің пәтерінен 1962 жылы туған ер адамның мүрдесі табылған. Полицияның мәлімдеуінше, мүрдеде зорлықпен өлтіру белгілері жоқ.
Бұл оқиғада елді ерекше алаңдатқан мәселе, марқұм 16 наурыз күні Ресей Федерациясынан келген екен. Сондықтан төтенше жағдай талаптарына сәйкес марқұмның денесін өз үйінен алып шыққан арнайы қызмет коронавирус індетін таратпаудың барлық қатаң талаптарына сәйкес жасауы тиіс.
«Алайда бұл көрініске қарап алдын ала қате ақпарат таратуға болмайды. Қауіпсіздік шараларын барынша сақтау – дәрігерлердің тікелей міндеті. Ал елді дүрліктіріп, жалған ақпарат таратушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз» деген ескерту таратты Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті.
Өлім себебін анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптама орталығына жіберіледі.
Батыс Қазақстан