• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Сәуір, 2020

Залалсыздандыру мен зарарсыздандыру екі бөлек ғылыми ұғымды айқындайды

4235 рет
көрсетілді

Елдегі карантин кезінде  вирустан қорғану мақсатында елді мекендерді арнайы залалсыздандыру жұмыстары қолға алынған. Жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында  «залалсыздандыру» және «зарарсыздандыру» сөздерін шатастырып пайдаланып жатқан дереккөздер кездесуде. Осы орайда БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Терминология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымының докторы Қарлығаш Айдарбектің әлеуметтік желіде ұсынған мынадай негізді дәлелдеріне назар аударған едік.

Жалпы, «залал», «зарар» сөздері - қазақ тіліне араб тілінен енген тілдік бірліктер. дейді маман.  – Олар толық, абсолютті синонимдер деуге де болады. Ал мағынасына келер болсақ: «1) зақым келу, мертігу, зиян келу, бүліну; 2) зиян, шығын» дегенді білдіреді. Араб тілінде «зарарун» сөзінің – «зақым келу, зиян, шығын» деген мағынасы бар. Алайда, сөз термин мәселесіне қатысты болған жағдайда, оларды бірінің орнына бірін қолдана беруге болмайды. Өйткені терминдерге қойылатын басты талаптардың бірі – термин бірізділігі мұндай құбылыстарға жол бермейді. Яғни бір ұғымға – бір термин принципі қатаң сақталуы қажет. Сондықтан да, қазіргі таңда өзекті терминге айналған «дезинфекция» - «залалсындандыру» болса, «стерилизация» - «зарарсыздандыру».

Иә, аталған екі терминнің мағыналық жақындығы анық. Дегенмен, олар екі бөлек ғылыми ұғымды айқындайтыны да сөзсіз: «залалсындандыру» - «қоршаған ортадағы жұқпалы ауру қоздырғыштарын құрту»; «зарарсындандыру» - «әскерлерді радиоактивті заттардың зарарынан қорғау үшін қару-жарақтардан, киім-кешектерден, азық-түлік пен судан, қорғаныс бекіністері мен қоршаған ортадағы басқа да нысандардан зарарлы заттарды кетіріп, қауіпсіз дәрежеге жеткізу».

 

АЛМАТЫ