
Мысырдың әскери билігі жаңа наразылық шерудің қауіпіне орай мемлекет астанасында қауіпсіздік шараларын күшейте түсті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлап отыр.
Әскери техника наразылық ошағы басылмай тұрған Гиза мен Мадинат-Насер аудандарына кіргізілді. Мұнда бейсенбі күні полиция қызметкері оққа ұшқан болатын. Мысыр ішкі істер министрлігі тәртіп бұзғандарға қарсы қару қолданылатынын ескертті.
«Мұсылман бауырлар» қозғалысының жақтаушылары өздерінің бас идеологтары Мохаммед аль-Бельтагидің тұтқындалуы туралы хабарды естіген соң жаңа шеру ұйымдастыруға бел байлаған көрінеді.
Мысырдағы жаңа наразылық шерулері бүгінгі жұма намазынан кейін басталады деп күтілуде.
Айдар Өрісбаев.