
Биыл Қызылорда облысы бойынша 14 мыңнан аса бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Соның 40-ы егіз. Бұл туралы облыстық Білім басқармасы хабарлады.
Осыншама егіздердің бір жылда мектеп табалдырығын аттауы өте сирек кездесетін құбылыс. Бұл балғындарды қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету үшін облыс қазынасынан 18 млн. теңге бөлінген. Жалпы, аймақта жүргізілген статистикалық дерекке жүгінсек, туу көрсеткіші жылдан-жылға артып келеді. Жыл басынан бері 31 егіз, 10 үшем өмірге келіпті.
Данияр Түймебай.