• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Сәуір, 2020

Үкімет Ұлттық қордың көмегіне тағы да жүгінеді

313 рет
көрсетілді

Үкіметте дағдарысқа қарсы шаралар жиынтығы, салықтық преференциялар мен жергілікті деңгейде қолдауды қоспағанда, 4,4 трлн теңге немесе 10 млрд АҚШ долларын құрайтыны белгілі болды.

Экономист Қасымхан Қаппаров журналистер, экономистердің қатысумен өткен онлайн жиында  жыл сайын Ұлттық қордан республикалық бюджетке 7 млрд доллар кепілдендірілген аударым түсетінін еске салды.

Демек, үкіметтің бөлген қаржысы алдағы уақытта өсуі мүмкін.   Сондай-ақ Қ. Қаппаров, ресми мәліметтер бойынша, қазір Ұлттық қорда 26 триллионнан астам теңге жиналғанын, бұл елдің шамамен екі жылдық бюджетіне тең екенін айтты. «Егер мұнай  бағасы 40 АҚШ долларынан төмен босла,  бюджетке салық түсімдеріне байланысты қиындықтар туындап,  үкімет шығындарды оңтайландыруға мәжбүр болады.  «Ұлттық қордан» қосымша трансферт дұрыс шешім. Ұлттық қор мұнай қымбат кезде жинақталып қалған қаржыны дағдарыс кезінде қолдану үшін ашылған» дейді Қаппаров.

Сарапшылар Ұлттық қордан бөлініп жатқан қаржының жеткіліктігі карантиннің мерзімі мен мұнай бағасына байланысты екенін айтады. Егер, карантин созылып кетсе, мұнай баррелі 40 АҚШ долларынан төмендеп кетсе, Үкіметке қосымша қаржы көздерін табу үшін біраз жұмыс істеуге тура келеді.

Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додоновтың пайымдауынша, аударым мөлшері экономикаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін. «1,8 трлн теңге ЖІӨ-нің шамамен 2,5% -на тең, оның экономикаға әсерін осы көрсеткішпен бағалауға болады» дейді ол. Додонов, егер төтенше жағдай бірнеше айға созылса, қазіргі уақытта қолданылатын шаралардың мерзімдері де ұзартылатын ескертті. Бұл ШОБ –қа салық демалысының ұзартылуы деген сөз. Карантин мерзімі ұзартылған сайын бюджет түсімі де азая береді. Демек, үкіметтің жағдайды  тұрақтандыру Ұлттық қордың трансферін қолдануы қалыпты жағдайға айналады: «Ел ішінде мұны трагедия көретіндер болды. Ұлттық қор кезінде мұнайдан түскен қаржыны үнемдеп, дағдарыс кездерінде қолдану үшін ашылған. Бұл идеяның өзін-өзі ақтағанын көріп отырмыз.  Қазір әлемдік тауар нарығындағы баға тұрақсыз» дейді Додонов.

В. Додоновтың  түсіндіруінше, төтенше жағдай аяқталған соң бәрі жақсы болады деп арқа-басты кеңге салуға болмайды: Шок терапиясын кенеттен бастан кешкен ШОБ-тың өз-өзіне келуі үшін біраз уақыт керек. « Үкімет мұны біліп отыр. ШОБ үшін салық демалысының қазан айына дейін ұзарту дұрыс шешім болды. Бизнестің  дағдарыстың қыспағында болу мерзімі  қашанға дейін созылатынын білмейміз. Алдағы жарты жылдықта Ұлттық қор қосымша шығындар мен дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландырудың жалғыз көзі болып қала береді» деп сөзін түйіндеді В. Додонов.

Сарапшылар дағдарыстың әсерін біз алда біраз уақыт бойы сезетінімізді де, біраз уақытқа дейін Ұлттық қордың қаржысына тәуелді болатынымызды  сезіп отыр. Сол себепті алда барынша үнемдеу саясатына басымдық берілмек. Бізге одан өзге жол жоқ екенін бәріміз түсінуіміз керек. Қаржыгер Ерлан Ибрагим ел ішінде Ұлттық қордың қаржысын қазақстандықтарға бөліп беру керек» деген пікірлер жиі айтылатынын, бұл пікірдің өзі аса сыйлайтын тұлғалардың да қостайтынын қабылдамайтынын айтты. Қазіргі жағдайда Ұлттық қордың қаражатын талан-таражға салу мемлекеттің болашағына балта шабумен бірдей. Қазақстанның «қоржынындағы» қаражатты үнеммен пайдалансақ,  ең нашар жағдайда бес жыл ішінде олар жеткілікті болуы мүмкін. «Пандемия бізді ұйқыдан оятты. Осы кезде дейін айтылып келген индустриялды бағдарламалар биліктің көңілін жайландыру үшін, есеп үшін айтып келгенін ел сезіп отыр. Күні бүгінге дейін осы салаға бөлінген қаржының  20 пайызы  дұрыс жұмсалса, ауылдағы балалар онлайн жүйесінде мұғалімімен байланысу үшін үйдің шатырына өрмелеп кетпейтін еді, ауылдағы апалар қолына тігін машинасын алып, бет перде тігуге кіріспейтін еді. Бәрі басқаша болатын еді.  Халықты алдап уақытты оздыра алмайтынын екі тарап та білді. Қарапайым экономика бағытына басымдық беру үкіметтің даму үшін екі адым шегінгенін көрсетіп тұр. Бұл кей      бір адамдардың  амбициясына қаншалықты соққы болғанын көріп отырмыз. Индустрияалды бағдарламаны қарапайым, қол жетімді заттар экономикасын дамытудан бастасақ, қазір басқаша болар еді» дейді Ерлан Ибрагим.

Бұған дейін біз мемлекет басшысы экономиканы қолдаудың келесі дағдарысқа қарсы шаралары туралы жариялағанын жазғанбыз.

 Бірінші тоқсандағы республикалық бюджеттің тапшылығы 350 млрд  теңгені құрайды.