Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір адам емделіп шықты. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Басқарма таратқан мәліметтерге қарағанда, 4 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 202 жағдайы тіркелді. Оның ішінде:
- 186 адам стационарда (Ақмола облысы - 3);
- 17 адам сауығып, ауруханадан шығарылды;
- бір өлім жағдайы тiркелді.
Қазіргі уақытта КВИ бар 5 науқастың жағдайы - тұрақты ауыр, 3 науқас - өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, яғни КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес емдеуде.
Қалған емделушілердiң жағдайы - қанағаттанарлық.
Еске сала кетейік, еліміз бойынша барлығы 36 адам бұл індеттен емделді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 17, Алматы қаласында 19 адам.