• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Сәуір, 2020

Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзған 20 тұлға әкімшілік қамауға алынды

421 рет
көрсетілді

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазіргі таңда Шымкентте 18 блок-бекет жұмыс істеуде. Аталған бекеттерде жалпы 692 қызметкер жұмылдырылған. Оның ішінде 230 полиция қызметкері, 216 медицина қызметкері, 168 қарулы күштер және 60 ұлттық ұлан сарбаздары 3 ауысымда тәулік бойы қызмет атқаруда.

«Төтенше жағдай кезеңінде, қойылған шектеулерді бұзғаны және санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін 596 тұлғаға Әкімшілік кодексінің 476-бабымен хаттама толтырылып, жинақтау іс-құжаттары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. 20 тұлға әкімшілік қамауға алынды, 4 тұлғаға айыппұл салынды, қалған істер қаралу сатысында» делінген хабарламада.

Айта кетсек, Шымкентте қаласында 161 тойхана, 801 қоғамдық тамақтану объектісі, 29 базар және 23 ірі сауда орындары бар.

Еске салсақ, Шымкентте 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізілді. Карантин режимі аясында барлық мекемелердің жұмысы уақытша тоқтатылды, тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкент қаласынан шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынады. 55 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік туындамаған жағдайда далаға шығуға болмайды.