• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Экономика 06 Сәуір, 2020

67 мыңнан астам адам 42 500 теңгеден ала бастады

509 рет
көрсетілді

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты 67 328 адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы 3 сәуір сағат 18.00-дегі жағдай бойынша табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындауға жалпы саны 210 834 адам жүгінді, оның ішінде 177 664 адам eGov.kz, ал 33 170 адам 42500 enbek.kz сайты арқылы өтініш берді. Өтініштерді қарау және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мерзімі – 3 жұмыс күні.

Әлеуметтік төлемдер барлығы 67 328 адамға, оның ішінде проактивті форматта, яғни азаматтардың өтініштерінсіз (бірыңғай төлемді төлеушілер үшін) тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеу­меттік төлем мөлшері бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайды, ол келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:

- орта, шағын және микро­бизнес субъектілерінің қыз­мет­керлері;

- жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК);

- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, же­ке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) (бұдан әрі – ЖП);

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;

- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар;

- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъек­тілерінің қызметкерлері.