Шығыс Қазақстанда COVID-19 дертіне шалдыққандар саны 6 адамға жетті. Тек соңғы үш күнде өңірде 3 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Ауырғандардың ішінде екі жасөспірім бар. «Бүгін Семейде 2007 жылы туған тағы бір оқушыда коронавирус расталды. Ол бұған дейін осы диагнозбен стационарға түскен 2006 жылғы науқастың інісі. Онымен жақын байланыста болғандықтан 5 сәуірде COVID-19-ға тексерілген. Нәтижесі оң. Екеуі де инфекциялық стационарда. Жағдайлары орташа дәрежеде. Кеңейтілген эпидтергеу жүргізілуде» дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхаметжан.
Шығыс Қазақстан облысы ⠀