Осыдан 10 күн бұрын Борис Джонсон коронавирусқа тест тапсырып, оның нәтижесі коронавирус жұқтырғанын көрсетті. Бүгін ол тексеру жүргізу үшін ауруханаға жатқызылды.
Der Spiegel «Премьер-министр өз дәрігерінің кеңесімен тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді» деп мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 27 наурызда өзінің коронавирус жұқтырғанын растаған еді. Ол содан бері оқшауланып, үйінен жұмыс істеген болатын.