• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Сәуір, 2020

Хосеп Гвардиоланың анасы коронавирустан қайтыс болды

150 рет
көрсетілді

Атақты футболшы, әйгілі бапкер Хосеп Гвардиоланың 82 жастағы анасы Долорс Сала коронавирустан қайтыс болды.

Хосеп Гвардиола шым мәнінде керемет футболшы болды. 1990-2001 жылдар аралығында «Барселонаның» сапында ойнаған әйгілі католониялық клубпен бірге ол көптеген биік белестерді бағындырды. Кейіннен Италияның «Брешия» мен «Рома», Катардың «Әл-Ахли» және Мексиканың «Дорадос де Синалоа» командаларының жейдесін киді.

1992 жылы Гвардиола Испанияның Олимпиадалық құрамасымен бірге Барселона Олимпиадасының жеңімпазы атанды. Ұлттық команданың сапында 47 ойын өткізген жартылай қорғаушы бес голдың авторы атанды.

Бапкер ретінде де Хосеп өзін түбегейлі мойындатты. Әр жылдары испаниялық маман жаттықтырған «Барселона», Мюнхеннің «Бавариясы» және «Манчестер Сити» толағай табыстарға қол жеткізді.