• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2020

Алматы облысы: «Біз біргеміз» акциясына белсене қатысушылар көбейді

595 рет
көрсетілді

Алматы облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз біргеміз» атты үндеуін қолдап, мұқтаж адамдарға қайырым жасау ісі жалғасуда.

Мысалы, Панфилов ауданының полицейлері Жаркент қаласындағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті.

- Жеке құрамнан төтенше жағдайға байланысты күнкөрісі нашар және көпбалалы отбасыларға жәрдем беру туралы ұсыныс түсті. Бірнеше көпбалалы әулет пен әлеуметтік жағдайы қиын отбасыларға көмек көрсеттік. Оларға азық-түлік жеткізілді. Қашықтан оқыту жүйесі енгізілгендіктен, мұқтаж отбасының мектеп жасындағы жасөспіріміне смартфон табыс еттікі. Қиын шақта қолдау көрсеткен аудандық полицияның жеке құрамына ризашылығымды білдіремін. Игі шараны қолдан келгенше жалғастырамыз, - дейді Панфилов аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Жамбыл Бакетов.

«Біз біргеміз» акциясының аясында Көксу ауданындағы 235 отбасы қажетті көмек алды. Аудан бойынша қайырымдылыққа жұмсалған қаражат мөлшері 1 млнт 500 мың теңге шамасында. Тұрғындарға 10 000 дана медициналық маска тегін тараталған. Ал аты-жөнін айтуды қаламаған бір кәсіпкер 20 отбасыға 20 қап ұн жеткізіп беріпті.  

Сондай-ақ Текелі қаласының кәсіпкерлері аумақтағы санитарлық бекетте кезекшілік атқарып тұрған тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлеріне ыстық тамақ, сусын апарды.  табыстады.