Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда мен өңірлерге азық-түлік жеткізетін көлік-логистикалық орталықтың жұмысымен танысты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды.
«Continental Logistics» көлік-логистикалық орталығына барып, елорда мен өңірлерге азық-түлік жеткізу жұмыстарымен таныстым. Еліміз әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз етілген. Жалпы сомасы 14,8 млрд теңге болатын мемлекеттік қор қалыптасуда» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.