• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2020

Шымкент: Тұрғындарға төтенше жағдай талаптарын сақтау шаралары түсіндірілді

215 рет
көрсетілді

Шымкентте коронавирус індетінің алдын алу мақсатында шектеу шараларын ТЖ департаментінің мамандары үйме-үй аралап түсіндіруде. 

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның келісімімен 4 сәуір сағат 21.00-ден 15 сәуір аралығында Шымкент қаласы аумағында карантин режимі енгізілді. Карантин кезінде тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкент қаласынан шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынады. Қоғамдық демалыс орындары, сонымен қатар саябақтар мен балалар алаңшаларына баруға болмайды. Қала тұрғындары үйлерінен азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық көмек, банк және пошта қызметтерін алу үшін ғана шыға алады.

«Дәл қазіргі жағдайда індеттен өзін-өзі оқшаулау ғана қала тұрғындарын аман алып қалатындығын ескертеміз. Осы орайда, сақтық шараларын қатаң ұстану жолдары қала тұрғындарына тұрақты түсіндірілуде», - дейді Төтенше жағдай департаментінің мамандары.

 

Шымкент