• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2020

Сәуір айында 400 мыңға жуық отбасы көп балалыларға берілетін жәрдемақыны алады

2852 рет
көрсетілді

396,6 мың отбасы 15 сәуірге дейін көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 19 млрд теңге көзделген.

Төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар көп балалы отбасылар табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты 42,5 мың теңгеден (4 бала) 74,4 мың теңгеге (7 және одан да көп бала) дейін сараланған.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыны енгізу атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерімен қарастырылған табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағытының бірі болып табылады.

Сонымен қатар, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақылардың барлық түрлері белгіленген кестеге сәйкес толық көлемде іске асырылатын болады.