8 сәуір сағат 21:15-тегі мәлімет бойынша Шымкент қаласында тағы 3 адам коронавирус індетін жұқтырған.
Коронавирустық инфекция жұқтырғандармен қарым-қатынаста болуына байланысты 3 азамат карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Біреуі 2006 жылғы бала, екеуі 1967, 1971 жылғы әйел азаматы.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
08.04.2020 жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 23 адам анықталды.
Шымкент