Бүгін сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша Қызылорда облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 7 адам анықталды. Ауру жұқтырғандардың бесеуі Шиелі ауданында, біреуі Сырдария ауданында және біреуі Қызылорда қаласында тіркелді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Шиелідегі 5 адамнан және Сырдариядағы 1 адамнан коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты, ал Қызылорда қаласында анықталып отырған 1 адамнан ЖРВИ симптомдарына шағымдануына байланысты зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. 09.04.2020 жылғы жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 92 адам анықталды:Қызылорда қаласында – 10,Жаңақорған ауданында – 16,Қармақшы ауданында – 4,Шиелі ауданында – 52,Сырдария ауданында – 8,Арал ауданында – 2.