• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2020

Өскемендік волонтерлар ыстық шай ұсынып, бауырсақ таратты

309 рет
көрсетілді

Шығысқазақстандық жастар «Жылу сыйла» акциясын ұйымдастырды.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты 2 сәуірден бастап Өскемен мен Семей қалаларына кіру-шығу жолдары жабылып, блок бекеттер қойылды. Құқық қорғау органдары мен медицина саласының мамандары мен әскери қызметкерлерге үлкен жауапкершілік жүктелді. Оларға қолдау көрсету мақсатында шығысқазақстандық жастар «Жылу сыйла» акциясын ұйымдастырды.

Облыстық ақпараттық орталық таратқан мәліметке сүйенсек, 15 волонтер блок бекеттерде күні-түні тынбай еңбек етіп тұрған әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ медицина саласының мамандарына ыстық шай мен бауырсақтар ұсыныпты.

«Біз біргеміз! Мұндай қиын кезеңде бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек. Сондықтан да «Жылу сыйла» акциясын қолға алдық. Енді мұны Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында еңбек етіп жүрген әріптестерімізге жолдаймыз» дейді волонтер жастар.

Шығысқазақстандық волонтерлар блок бекеттерге аялдаған жүргізушілерге коронавирустық инфекциядан сақтанудың жолдары көрсетілген жадынамаларды да таратты.

ӨСКЕМЕН