• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2020

Шымкентте 40 586 азамат әлеуметтік төлем алды

177 рет
көрсетілді

Елімізде коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған Шымкент қаласының 40 586 тұрғыны 42 500 теңге төлемді алды.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша елдегі жарияланған ТЖ кезіндегі 42 500 тг  әлеуметтік жәрдемақыға жергілікті атқарушы орган арқылы 7 098 адам өтініш білдірген. Оның ішінде: 

- қабылданған өтініштер - 4 410 (2 688 өтініш өңделуде)

- қабылданбаған - 1832 (құжаттардың толық еместігінен)

- мәліметтердің тексерілу жұмыстарында - 754

- тағайындалғаны - 1824

- төленгені - 729 (10 сәуірге дейін).

«Мемлекеттік корпорацияға (ЗТМО Еңбек министрлігі) Шымкент қаласынан 43 210 өтініш келіп түскен. Оның ішінде, белсенді тағайындау нысаны арқылы 8 037 азаматтың өтініші тікелей бірыңғай базасына БЖТ электронды төлеушілер порталына келіп түскен. Әлеуметтік төлем 39 857 азаматқа төленді. Белсенді тағайындау нысаны арқылы  - 8 037. Жалпы мемлекеттік жәрдемақыны 40 586 азамат алды», - делінген аталған басқарманың мәліметінде. 

 

Шымкент