• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 10 Сәуір, 2020

Пандемияға ешкім де дайын болған жоқ - Президент

256 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында пандемияға ешқандай елдің дайын болмағанын айтты.

«Ең дамыған елдер де өздерінің олқы тұстары мен кемшіліктерін көріп, қорытынды жасап жатыр десем артық емес. Өйткені, пандемияға ешкім де дайын болған жоқ. Бұрын-соңды болмаған ауыр дағдарыстан біздің халқымыз ширап, жаңа кезеңге бейімделіп шығатынына сенімдімін. Қазақстан міндетті түрде осы қиындықты еңсеріп, тұрақты және сапалы өркендеу жолынатүседі» деп атап өтті Қ. Тоқаев.

Президент дағдарыс еліміздің келешегі мен оның алдағы дамуы туралы терең ойлануға мүмкіндік беретінін айтып, сол себепті де бәріміз бір ел болып белсенді жұмыс жүргізуіміз керек екенін баса айтты.