• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан: Шаруа қожалықтары көктемгі егіс жұмыстарына дайын

304 рет
көрсетілді

30 мың тонна көлемінде минералды тыңайтқыштарды сатып алуды жоспарлап отыр.

Биыл өңірдегі шаруа қожалықтары өнімді молынан алу үшін 30 мың тонна көлемінде минералды тыңайтқыштарды сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербол Қуанышев айтты. «Ағымдағы жылы өңірдегі егістік алқабының жалпы аумағы 1367, 3 мың гектарды құрайтын болады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8 мың гектарға көп. Облыстағы шаруа қожалықтарының меншігіндегі тракторлардың 98 пайызы көктемгі егіс жұмыстарына дайын. Биыл көктемгі егіс пен күзгі астық жинау жұмыстарына қолдау көрсету мақсатында облыстық бюджеттен 5 миллиард 423,3 миллион теңге субсидия бөлінді» дейді Е.Қуанышев.

 Шығыс Қазақстан облысы