• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Сәуір, 2020

Шарбақты ауданында 1 мың гектарға жуық аумақ өртенген

396 рет
көрсетілді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Азаматтық қорғау полковнигі Ернұр Өтегеновтің мәлімдеуінше, өткен аптада өңірде 7өрт оқиғасы орын алған.

Өрт  сөндіру жұмыстарын жүргізу кезінде қатты жел қиындық тудырды.

Ал, Шарбақты ауданында басталған өрт 1 мың гектарға жуық аумақты қамтыған.

Сонымен бірге, аудандағы Николаевка ауылының жанында ауданы 240 гектар 6 бөлек аумақ өртенген.

-Өрт Павлодар ауданының шекарасынан басталып, Шарбақты ауданы, Қосқұдық ауылына дейін жақындады. Бұл ауылда 12 үй, 30 тұрғын тұрады. Аудан әкімдігі 14 тұрғын, 10 баланы аудан орталығындағы №2 мектеп-интернатқа жеткізді. Өрт сөндіруге ТЖД-ің 3 техника бірлігі мен тоғыз қызметкері, ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 21 адам мен 9 техника бірлігі жұмылдырылды,-дейді  Ернұр Өтегенов.

Облыс орталығынан "Өрт сөндіру қызметі мен апаттық-құтқару жұмыстары" мекемесінің 12 өрт сөндіруішіс, 3 көлік көмекке жіберілген.

Өрт сөндірушілер тобы жол-жөнекей Хмельницкое ауылы, Маралды станса маңындатұтынған  өрттерді жедел уақыт ішінде сөндірді.  

Нәтижесінде, облыстық ТЖД-і мен ерікті өрт сөндіру бригадаларының бірлескен әрекеттерібарысыда өрт сөндірілді.

Отқа тосқауыл қоюға ҰҚК-ің шекаралық қызметі де көмекке келді.

Өрт сөндірушілер оттың Шарбақты ауданымен шекаралас Алтай өлкесінің аумағына өтуіне жол бермеді.

Қазір өрттің себептері анықталуда, тексеру құжаттары арнайы органдарға жіберілді.

Ал, Ернұр Өтегенов дала өрттері мен өртенулердің басты себебі-адами факторға тәуелді екендігін атап өтті.

Павлодар облысы