Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 21 науқасқа жетті. Кеше Еңбекшіқазақ ауданы аумағында 9 адамнан індет белгісі анықталды.
Бүгін коронавирус инфекциясы шығуына байланысты Еңбекшіқазақ ауданынадғы 4 саяжай массиві бірдей карантинге жабылды.
- Аумақта COVID-19 диагнозы расталған он бірінші пациентпен байланыста болған азаматтар провизорлық госпитальға жатқызылып, олардан сол мезетте КВИ анализі алынған болатын. Біз қорытындыларды алдық, 9 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Облыстық штабтың келісімімен Еңбекшіқазақ ауданындағы бірден төрт саяжай массиві - "Алтын адам", "Көксай", "Алтын алма" жəне "Береке" карантинге жабылды. Облыс əкімінің тасырмасымен тұрғындардың тізімі жасалды, қажеттілігіне қарай олар азық-түлікпен жəне қызмет түрлерімен қамтамасыз етіледі, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жағдайға орай Еңбекшіқазақ ауданының бас санитар дəрігері қаулы қабылдады. Қазір карантин режимін қатаң сақтауды қамтамасыз ететін қызметтер жұмылдырылған.
- Соңғы анықталған 9 адам да бұған дейін коронавирус жұқтырған. 11-і пациенттің жақын туыстары. Барлық азаматтарды сақ болуға шақырамыз, - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Алматы облысы